Украинада соғыс салдарынан 231 бала қаза тапқан
Қалалар мен ауылдарды бомбалау мен ату салдарынан 1828 білім беру мекемесі зардап шеккен
Бүгінге дейін жиналған ақпарат бойынша, Украинада 24 ақпаннан бері ресейлік әскерилердің шабуылынан жалпы 658-ден астам бала зардап шегіп отыр. Ювеналды прокурорлардың ресми мәліметінше, 231 бала қаза тауып, 427-ден астамы жарақат алған.
Бірақ одан да көп болуы мүмкін. Өйткені уақытша басып алынған және босатылған аумақтардағы қақтығыс орындарында құрбандарды санау жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп жазылған Украина Бас прокурорының хабарламасында.
Бұл ретте құрбандар саны ең көп тіркелген өңірлер мыналар: Донецк облысы – 144, Киев – 116, Харьков – 100, Чернигов – 68, Херсон – 48, Луганск – 47, Николаевская – 44, Запорожье – 28, Сумская – 17, Житомир – 15 адам.
Сондай-ақ қалалар мен ауылдарды бомбалау мен ату салдарынан 1828 білім беру мекемесі зардап шеккен. Оның 171-нің күл-талқаны шығыпты.