ҰБТ-ны тапсыру 2 есе қымбаттаған
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізетін компанияны тексеруді ұсынып, Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсеновадан көмек сұрады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, 2019 жылдан бастап еліміздегі Ұлттық бірыңғай тестілеу және педагог қызметкерлерінің біліктілігін тестілеу «Тест жүйелерін жетілдіру» деген желеумен U-STUDY секілді жеке компанияларға келісімшарт арқылы берілген.
Бәлкім бұл келісімнің арғы жағында шынымен жақсы ниет болған шығар. Алайда бүгін біз бұл тәжірибенің өте сәтсіз болғанын көріп отырмыз. Ол сәтсіздіктің салдарын тағы да қарапайым халық тартып отыр. Біріншіден, келісім жасалғаннан бері ҰБТ-ның бағасы 2 240 теңгеден 5 640 теңгеге, яғни 2 есе өсті. Екіншіден, өңірлерде 114 ҰБТ өткізу пункті жабылып, тест тапсырушыларға қосымша жол мен жатын орын шығынын алып келген. Мысалы, тест тапсыру – ауыл тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік пен қуаныш. Олар баласын қолдап, барын салып, орталыққа баруға мәжбүр. Өйткені тестілеу пунктері аяқжетім жерлерден алыстап кетті. Онсыз да табысынан шығыны көп халыққа бұл тағы бір салмақ болып отыр, - деді Ринат Зайытов.
Депутат компанияның мемлекетке келтірген залалына жеке тоқталды:
Ринат Зайытов бұл мәліметтерді тексеру керек деген ұстанымда.
Құрметті Тамара Қасымқызы, осының барлығын көріп-біле тұра, сіздер неге нақты әрекет жасамайсыздар?! Белгілі бір топтардың қалтасын халық толтырып, уәкілетті органдар олардың зиянды істеріне жол ашып отырғанынан хабардарсыздар ма?! «ҰБТ» деген – Ұлттық біріңғай тестілеу ме, әлде Ұлттың болашағын тоздыру ма? - деді ол.
Осыған байланысты депутат мынадай ұсыныс жасады: