Қызылордада балабақша тәрбиешісі 1,5 жасар баланы ұрып-соққан
Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қызылордада балабақша тәрбиешісі 1,5 жасар баланы ұрып-соққан, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қалалық полиция басқармасына ата-анадан жеке балабақшалардың бірінде баласын ұрып-соққан тәрбиешіге шара қолдану туралы арыз түскен.
Арыз негізінде қылмыстық іс тіркеліп, ҚР ҚК-нің 140-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тәркіленген бейнежазбалар қылмыстық іске тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша баланың денсаулығына жеңіл зиян келтірілген. Сондай-ақ сот-габитологиялық сараптаманың қорытындысы күтіліп жатыр, – делінген хабарламада.
41 жастағы тәрбиешіге қатысты ІІО-ға келу туралы міндеттеме қабылданды. Сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 200-бабына сәйкес, облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданды.