×

Әзербайжан Арменияға қол ұшын созды (ВИДЕО)

Армения да тез арада бейбіт келісімге дайын екенін мәлімдеген

 Дастан Жұмабекұлы 19.05.2022 | 15:27
https://verelq.am/ru/node/98629

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Армениямен қарым-қатынасты бір қалыпқа келтіріп, бейбіт келісімге қол қоюға дайын екенін мәлімдеді.

Бұл туралы Әзербайжан президенті Бакуге ресми сапармен келген Литваның басшысы Гитанас Науседамен кездесуде айтты. Ол кеңейтілген құрамдағы кездесуде Армениямен арадағы қарым-қатынасты қалпына келтіруге дайын екенін, Әзербайжанның соғысты емес, бейбіт өмірді қалайтынын атап өтті.

«Біз аймақтағы жағдайды жан-жақты талқыладық. Литва президентінің Әзербайжаннан кейін Арменияға баратынын білемін. Осы сапар аяқталғаннан кейін нақты шешім қабылданатынына сенімдімін. Біздің ұстанымымыз айқын. Біз Армениямен бітімгершілік келісімге қол қойюға дайынбыз. Тарих бетінде жаңа парақ ашқымыз келеді», — деді Әлиев.

Бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян да Парламенттің отырысында Әзербайжанмен тез арада бейбіт келісімге қол қоюға ниетті екенін мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама