×

Оралда белгілі кәсіпкер кісі қолынан қаза тапты

 Халық үні 14.11.2023 | 23:40
Фото: әлеуметтік желіден

Оралда полиция белгіл кәсіпкер Сергей Губердің өліміне қатысты істі тергеп жатыр. Жарақат алған ер адам 12 қараша, жексенбі күні таңертең ауруханаға жеткізілді. Медициналық мекемеде ол қайтыс болды, деп хабарлады uralskweek.kz.

54 жастағы Сергей Губерге Оралдағы автомобиль жөндеу бойынша ірі автосервистердің бірі, автомобиль тауарлары дүкендері, оның ішінде «UralCarСity» бизнес-орталығы тиесілі болды.

Қайғылы оқиға қаладағы дәмханалардың бірінде болған. Ол ауыр жарақат алған, кейбір мәліметтер бойынша, оны өз компаниясының қызметкері жаралаған.

«Сағат 10.05-те облыстық көпбейінді ауруханаға 1969 жылғы ер адам жеткізілген. Алған жарақаттары салдарынан ол ауруханада қайтыс болды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысты жасады деген күдікпен Орал қаласының бұрын сотталмаған 1981 жылғы тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне (абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады қалалық полиция барқармасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама