×

Абай облысының әкімі құрылыс нысандарын тексерді

Өңір басшысы салынып жатқан объектілердің заңдылығын мұқият бақылауды тапсырды

 Халық үні 14.11.2023 | 16:43
Фото: Абай обл. әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жауапты басқармалар және бөлім басшыларымен бірге Семей қаласының құрылыс нысандарын аралады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бірінші нысан Бейбітшілік аралындағы теміржол құрылысы болды. Бүгінде болашақ темір жолдың салынатын жері, өтетін орны нақтыланып жатыр.

Аралдағы барлық құрылыс жұмыстары экологиялық ережелерді қатаң сақтай отырып ұйымдастырылуға тиіс. Теміржолды салу барысында барынша ағаштарды кеспей, Бейбітшілік аралының табиғи көрінісін сақтап қалуға үлкен күш жұмсау қажет, – деді Нұрлан Ұранхаев.

Сонымен қатар, өңір басшысы облыс орталығында жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үй құрылысы барысымен танысты. Облыс әкімі өз сөзінде құрылыстың барлық нормаларын сақтаудың, сапалы құрылыс материалдарын пайдаланудың маңыздылығын атап өтіп, бақылау басқармасына (МСҚБ, еңбек инспекциясы) салынып жатқан объектілердің заңдылығын мұқият бақылауды тапсырды.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық жұмыстар белгіленген нормаларға сәйкес болуы қажет және бақылау органдары осы стандарттардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуі керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама