НАТО Украинаға миллиард снаряд беруден бас тартты
Сыбайлас жемқорлық пен бюрократия қарт құрлықта да кеңінен жайылып кетіпті, - деді Украина дипломаты
Украина НАТО-ға мүше мемлекеттердің майданға миллиард снаряд беруден баст тартқанына наразылық білдірді. Осы елдің Cыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Еуропа одағының уәде еткен оқ-дәрілер мен снарядтарды бермей отырғанына көңілі толмайтынын айтты.
Еуропа одағы біздің елге миллиард снаряд беруі керек еді. Келісім солай болатын. Алайда Еуропа елдерінің қоймалары мен өндіріс орындарында снаряд таусылған сияқты. Сыбайлас жемқорлық пен бюрократия қарт құрлықта да кеңінен жайылып кетіпті. Украинаға қару-жарақ пен оқ-дәрі керек болып жатқанда мұндай жағдай өте өкінішті, – деді ол.
Сонымен бірге Мажарстанның да Украинаға 500 миллион доллардың көмегін беруден бас тартқаны белгілі болды. Осы елдің Сыртқы істер министрі Петер Сияртоның айтуынша, Украина Мажарстанның OTP Bank пен басқа да компанияларына «соғысты қаржыландыратын халықаралық ұйымдар» тізіміне енбейді деп кепілдік бергенге дейін Будапешт Киевке көмектесуді тоқтататын болады.
«ОТП тобы» (OTP Group) Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің банк қауымдастығына кіреді. 2015-2019 жылдары Ресейде «ОТП тобының» басшылығымен интернет, ұялы телефон және басқа байланыс арналары арқылы қаржы қызметін ұсынатын бөлшек сауда банкі (онлайн) – Touch Bank жұмыс істеді.