Halyq Uni логотип
×

Биыл Алматының жаңа аудандарында 12 мыңнан аса үй орталықтан сумен жабдықтауға қосылды

Қазір қала бойынша су құбыры желілерінің тозуы 55,8%, кәріз желілерінің тозуы 57,5% болды

 Халық үні 14.11.2023 | 12:31
Биыл Алматының жаңа аудандарында 12 мыңнан аса үй орталықтан сумен жабдықтауға қосылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Биыл Алматының жаңа аудандарында 12 мыңнан аса үй орталықтан сумен жабдықтауға қосылды, деп хабарлады Halyq Uni.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарасу, Ақжар, Алғабас, Шұғыла, Жас Қанат, Шуақты шағын аудандары, Сейфуллин даңғылының аумағы,Солүстік айналым, Рысқұлов, Боралдай көшелеріндегі 12 мыңнан астам үй сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етілген және кәріз желілеріне қосылған. Бұған дейін бұл аудандарда сумен жабдықтау, сондай-ақ су бұру желілері де болмаған. Бұған дейін Қарасу, Ақжар, Алғабас, Шұғыла шағын аудандарын жеке компаниялар сумен қамтамасыз еткен.

Алматыда 2022-2023 жылдар ішінде үздіксіз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін 143 шақырым су құбыры және 139 шақырым су бұру желілері салынды.

Қазір Алматы қаласы бойынша су құбыры желілерінің тозуы 55,8%, кәріз желілерінің тозуы 57,5% болды. Жаңа желілерді тартудың нәтижесінде тозған желілердің саны азайып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама