Петропавлда әскери қызметкер оққа ұшты
Сарбазға әріптесі абайсызда оқ атып жаралаған
Петропавлда Ұлттық ұланның әскери қызметкері абайсызда оққа ұшырап, көз жұмды, деп хабарлайды Ұлттық ұлан баспасөз қызметі.
Ведомство хабарлауынша, 12 қарашада Петропавлдағы 6637 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген сарбазға әріптесі абайсызда оқ атып жаралаған.
Ол шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді, бірақ әскери қызметкерді құтқара алмадық, қызметтік тергеу тағайындалып, мән-жай анықталуда. Ұлттық ұланның бас қолбасшылық мүшелері қаза болған әскери қызметшінің туған-туыстарына көңіл айтты, - деп атап өтті ведомство баспасөз қызметі.