Еліміздің спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды
Алматыда каратэден ересектер арасында Азияның I ашық чемпионаты аяқталды.
Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметіне қарағанда, Қазақстан құрамасы 8 алтын, 8 күміс пен 14 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.
Екінші орынға 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль алған Иран спортшылары ие болса, одан кейін орынды екі алтын жүлде иеленген Біріккен Араб Әмірліктері қанағат тұтты.
Кумите бағдарламасында Қазақстан ерлер командасы алтын, ал әйелдер қола жүлдеге ие болды. Жарыста алтын медальді Жалғас Ұлмекен, Бэлла Самашева, Даяна Даренская, Диас Анарбеков , Жоламан Биғабыл, Ерсұлтан Тәңірберген, Диас Ұлбек жеңіп алды.
Күміс жүлдені ката бойынша Лия Қошқарбаева, Мәди Катешов, кумитеден Әйгерім Тұрсынбекова, Гүлмира Үсенова, Николь Ценгель, Дархан Тимралиев, Әбілмансұр Батырғали, Айдос Мұхат иеленді.
Сонымен бірге Ердос Кенжеғалиевке (ката), Арина Якубинаға, Алина Сұлтановаға, Ақниет Шеризатқа, Айжан Бакироваға, Венера Жақсыбаеваға, Милана Власенкоға, Айбек Шарапқа, Дамир Нұрбергенге, Азамат Марат пен Никита Тарнакинге қола жүлде бұйырды.