Halyq Uni логотип
×

Ақтөбеде тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктілер ұсталды

Айыпталушылар ұйқыға кеткен күзетшілердің жанынан өтіп, бой тасалап үлгерген

 Дастан Жұмабекұлы 13.11.2023 | 15:55
Ақтөбеде тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктілер ұсталды
Фото: Айсұлу Тойшыбекова

Ақтөбе қаласындағы тергеу изоляторынан қашып кеткен 19 және 25 жастағы екі күдікті ұсталды.

Ratel.kz-тің хабарлауынша, Ақтөбе облыстық полиция департаменті 12 қарашада таңғы сағат 3:00-де тергеу изоляторынан қашып кеткен Илья Копыльченко мен Еламан Ерланға іздеу салып, оларды көп ұзамай ұстаған.

Күдіктілер тергеу изоляторынан қолдарына қару ұстап шығып, ұйқыға кеткен күзетшілердің жанынан өтіп, бой тасалап үлгерген. Бұл деректі полиция растады.

Еламан Ерлан Қазақстарн Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-тармағы («Ірі көлемде зат ұрлау») бойынша қамауда болған. Ал  Илья Копыльченко 292-баптың 2-тармағы («Бұзақылық») бойынша айыпталып отыр.

Полиция департаментінің хабарлауынша, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама