Halyq Uni логотип
×

Шымкентте жүргізуші полицейге 1 млн теңге пара бермек болған

Сотқа дейінгі тергеу басталды

 Динара Амантай 13.11.2023 | 14:23
Шымкентте жүргізуші полицейге 1 млн теңге пара бермек болған
Фото: Halyq Uni

Шымкентте мас жүргізуші полицейлерге 1 млн теңге пара бермек болған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, түнде қаланы патрульдеу кезінде Шымкент патрульдік полициясының тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, жол бойымен ретсіз қозғалып бара жатқан көлікке назар аударды. Полиция көлікті тоқтатты. Олар салоннан алкогольдің иісін сезіп, жүргізушіден медициналық тексеруден өтуін сұрады. Оның орнына ер адам өзін жауапқа тартпау үшін оларға 1 миллион теңге ұсынды.

Оқиға туралы патрульшілер дереу қаланың ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлады. Ал жүргізуші наркологиялық диспансерге жеткізілді. Тексеру нәтижелері жүргізушінің мас күйде болғанын әрі көлік жүргізу құқығынан айырыла отырып, рөлге отырғанын растады, – делінген хабарламада.

Қазір ҚР ҚК-нің 346, 367-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама