Halyq Uni логотип
×

Алматыда 2,4 мың мас жүргізуші ұсталды

Олар жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін

 Дәурен Ерболат 13.11.2023 | 13:45
Алматыда 2,4 мың мас жүргізуші ұсталды
Фото: newsler.ru

Жыл басынан бері Алматыда жол ережесін бұзудың 1,5 млн дерегі тіркелді. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, биыл 10 айда Алматыда 2 991 көлік апаты тіркелген. Салдарынан 84 адам көз жұмып, 3 211 адам жарақат алған.

Жыл басынан бері қалада жол жүру ережесі 1 млн 582 мың 980 рет бұзылды. Көлікті мас күйде жүргізген 1 718 жүргізуші ұсталды. Олар 7 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Сот 2 443 жүргізушіні автомобильді басқару құқығынан айырды, - деді Салтанат Әзірбек өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте.

Ресми өкіл Алматыда жүргізушілердің жол ережесін жиі бұзатынын атап өтті.

«Жаңадан көлік жүргізіп үйреніп жүргердер жолда сақ болады. Өкінішке қарай, олар көлік апатын жасайды. Бірақ оның зардабы ауыр емес. Жолда қауіпсіздік ережесін сақтайтын, тәртіпке бағынатын, басқа жүргізушілерге құрметпен қарайтын адам кәсіби жүргізуші болып саналады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама