Halyq Uni логотип
×

Астанада ер адам аялдаманың әйнегін сындырып, кешірім сұрады (ВИДЕО)

Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

 Дастан Жұмабекұлы 13.11.2023 | 11:19
Астанада ер адам аялдаманың әйнегін сындырып, кешірім сұрады (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Астанада Республика даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында белгісіз азамат автобус аялдамасының әйнегін сындырып, кешірім сұрады. Ол әйнекті аяғымен теуіп, сындырып жатқанда бейнекамераға түсіп қалған.

Қалалық полиция департаментінің хабаралуынша, полиция күдіктіні ұстаған. Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір қабылданған жедел шаралар нәтижесінде ер адам анықталды. Кадрдан оның әйнекті бірнеше рет тепкілеп, сындырғанын көруге болады, – делінген хабарламада.

Ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Ол көпшілік алдында кешірім сұрады.

Аялдама жақын арада қалпына келтірілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама