Полиция бөлімінің бастығы өз кабинетінде қыз зорлады деген күдікке ілінді

Халық үні

Зардап шегуші – 1996 жылы туған қыз бала

Фото: Halyq Uni

27 жастағы алматылық өзін Жетісу облысы полиция бөлімінің бастығы өз кабинетінде зорлағанын айтты. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Зардап шегуші – 1996 жылы туған қыз бала. Ол Талдықорған қаласындағы жалдамалы пәтерде тыныштықты бұзғаны үшін полиция бөліміне жеткізілген. Ол жігітіне қонаққа барған.

Жәбірленушінің айтуынша, полиция бөлімінің бастығы оны кабинетіне апарып, еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен. Содан кейін ол Жетісу облысының қауіпсіздік қызметіне арыз жазған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.