Halyq Uni логотип
×

2024 жылы қандай әлеуметтік төлемдер өсетіні белгілі болды

Министрліктің мәліметінше, мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің барлық түрі 2024 жылы 7 пайызға өседі.

 Халық үні 12.11.2023 | 19:33
2024 жылы қандай әлеуметтік төлемдер өсетіні белгілі болды
фото: kapital.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылы қандай әлеуметтік төлемдердің өсетінін хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің барлық түрі 2024 жылы 7 пайызға өседі.

Еңбек министрлігі мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің осы түрлерін санамалап берді. Атап айтқанда, бұлар:

мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер;

№1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;

жерлеуге арналған біржолғы төлем;

бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;

бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын ай сайынғы бюджеттік субсидиялау;

арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;

бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы және бірінші топтағы мүгедекті күтетін адамға мемлекеттік жәрдемақы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама