Павлодар облысында қараусыз жайылып жүрген 40 бас жылқы ұрланды
Жалпы, биыл бұл өңірде мал ұрлығының 49 фактісі тіркелген
Павлодар облысында 40 бас жылқыны ұрлағандар іздестіріліп жатыр. Жылқылар Шарбақты ауданының Жаңаауыл маңындағы жайылымдарда қараусыз жүрген, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Полиция мәліметінше, Шарбақты ауданының тұрғыны полицияға хабарласып, 2023 жылдың ақпан-қараша айлары аралығында Жаңаауыл маңындағы жайылымдардан қараусыз қалған 40 бас жылқының ұрланғанын мәлімдеген.
Қазір тәртіп сақшылары аталған фактіге қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр, - деп мәлімдеді Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі
Жыл басынан бері өңірде мал ұрлығының 49 фактісі тіркелген.