Науқастардың жағдайы күн санап нашарлап барады
Газа секторындағы 35 аурухананың 20-сы жабылды, деп мәлімдеді Палестинаның Денсаулық сақтау министрі Мэй Кайле.
Ол БҰҰ-дан қақтығысты тоқтату үшін нақты шаралар қабылдауды сұрады. Себебі үздіксіз шабуылдар медицина орталықтарының қызметіне кедергі келтіріп отыр. Мекемелер жұмысын жалғастыруы үшін жанар-жағармай, электр қуаты және құрал-жабдықтар қажет.
Әл-Шифа ауруханасындағы ахуал көңіл көншітпейді. Шабуылдар жағдайды ушықтырды. Науқастардың жағдайы күн санап нашарлап барады. Аурухана жабылғанмен, дәрігерлер іште қалып, жағдайы ең ауыр деген науқастарды бақылап отыр, - деді дәрігер Насер Мохаммад Кандиль.