Halyq Uni логотип
×

Газа секторындағы 35 аурухананың 20-сы жабылып қалды

Науқастардың жағдайы күн санап нашарлап барады

 Еркеғали Болатұлы 12.11.2023 | 13:13
Газа секторындағы 35 аурухананың 20-сы жабылып қалды
фото: fameliv.com

Газа секторындағы 35 аурухананың 20-сы жабылды, деп мәлімдеді Палестинаның Денсаулық сақтау министрі Мэй Кайле.

Ол БҰҰ-дан қақтығысты тоқтату үшін нақты шаралар қабылдауды сұрады. Себебі үздіксіз шабуылдар медицина орталықтарының қызметіне кедергі келтіріп отыр. Мекемелер жұмысын жалғастыруы үшін жанар-жағармай, электр қуаты және құрал-жабдықтар қажет.

Әл-Шифа ауруханасындағы ахуал көңіл көншітпейді. Шабуылдар жағдайды ушықтырды. Науқастардың жағдайы күн санап нашарлап барады. Аурухана жабылғанмен, дәрігерлер іште қалып, жағдайы ең ауыр деген науқастарды бақылап отыр, - деді дәрігер Насер Мохаммад Кандиль.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама