Астана полициясы мейрамханадағы әйелдің өліміне қатысты түсінік берді

Халық үні

Тергеу барысы ІІМ басшылығының бақылауында

фото: yandex.ru

Астана полициясы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты түсінік берді. 

Астана қаласының полиция департаменті мейрамханада әйелді өлтіру фактісі бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі («Кісі өлтіру») бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Күдікті Астана қаласының ПД УҰИ-ға қамалды. Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені өткізіледі. Тергеу барысы ІІМ басшылығының бақылауында, - делінген полицияның Instagram-дағы парақшасында. 

Еске сала кетсек, мұндай жағдайларға қатысты жалған ақпарат таратушыларға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.