Halyq Uni логотип
×

Жел, жауын-шашын, тұман: ертең ауа райы қандай болады?

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі

 Халық үні 11.11.2023 | 22:41
Жел, жауын-шашын, тұман: ертең ауа райы қандай болады?
фото: Qazaqstan TV

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 12 қарашаға дауылды ескерту жариялады.

Мамандардың болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігінде жел тұрып, жауын-шашын, қалың тұман болады. 

Түнде және таңертең Атырау облысының басым бөлігінде және Атырау қаласында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде және Орал қаласында тұман  түседі деп күтіледі.

Түнде Түркістан облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман болады. Соққан желдің екпіні: 15-20 м/с. Шымкентте түнде қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) және тұман болады деп күтіледі. Түркістанда түнде тұман болуы ықтимал. 

Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні: 15-20 м/с. Қонаевта соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні: 15-20 м/с. Семей қаласында да 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман болуы ықтимал. Желдің екпіні: 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні: 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні: 15-20 м/с.

Қызылорда облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Желдің екпіні: 15-20 м/с. Ақтау қаласында соққан желдің екпіні 18 м/с дейін жетеді деп болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және өңір орталығы - Петропавлда тұман түседі деп күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама