Halyq Uni логотип
×

Сирияда террористік топтар құрамында болған Қазақстан азаматы елге жеткізілді

Қылмыстық іс тергеп-тексеріліп жатыр

 Динара Амантай 11.11.2023 | 09:09
Сирияда террористік топтар құрамында болған Қазақстан азаматы елге жеткізілді
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Кеше ҰҚК қызметкерлері 2013 жылдан бастап Сирияда террористік топтар құрамында болған ҚР азаматын Түркиядан Қазақстанға жеткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның радикалдық идеялардан көңілі қалғаны, өз еркімен террористік әрекеттен бас тартып, Түркияға өткені және отанына оралу үшін билік өкілдеріне берілуді шешкені белгілі болды. Өзінің әрекетімен ол басқа содырларға олардың одан әрі террористік белсенділік аймақтарында болудың келешегі жоқ екенін көрсетпек болды, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Қазақстанға келгеннен кейін ол қамауға алынды.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы («Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу») бойынша қылмыстық іс тергеп-тексеріліп жатыр.

Ерікті түрде берілу фактісі тергеу барысында ескерілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама