Ақмола облысында 10 күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен әйел табылды
Тексеру жүргізіліп жатыр
Степногорскте хабар-ошарсыз кеткен қыз Астанадағы мединалық мекемеден табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Степногорск қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғын жұбайы 22 жастағы Елена Моисееваны іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш түсірген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоғалған адамның елорданың медициналық мекемелерінің бірінде екені анықталды.
Қызға қатысты ешқандай қылмыс пен құқық бұзушылық жасалған жоқ. Тексеру жүргізіліп жатыр.