«Жаңбыр, қар, жел»: алдағы 3 күнге ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде кезекті атлантикалық циклонмен жауын-шашынды, бұл ретте қараша айы үшін жылы ауа райы күтіледі

фото: Qazaqstan TV

«Қазгидромет» РМК 11-13 қарашаға ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде кезекті атлантикалық циклонмен жауын-шашынды, бұл ретте қараша айы үшін жылы ауа райы күтіледі. 

Циклон батыстан шығысқа қарай жылжып, өз жолында қарқынды жауын-шашын тудырады: түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде, күндізгі уақытта негізінен жаңбыр түрінде болады, қатты жаңбыр 11 қарашада солтүстік-батыста, 12 қарашада оңтүстікте, 13 қарашада оңтүстік-шығыста, қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде) оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында күтіледі.

12 қарашадан бастап антициклон жотасы батысқа қарай жылжуынан жауын-шашын тоқтайды және күндізгі ауа температурасы 8-18 жылыға дейін жоғарылады деп күтілуде. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болжанады.