Астанада әйел көпқабатты үйден секіріп, қаза тапты (ВИДЕО)
Полиция департаменті қайғылы оқиғаны «Өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі» деген баппен тіркеді
Бүгін таңертең Астанадағы Тілендиев даңғылында орналасқан №44 а үйдің терезесінен бір әйел секіріп кетіп, қаза тапты.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі мен полиция әйелдің жарақаттан көз жұмғанын растады. Қазір оның «Жеті жол-3» тұрғын үйінің терезесінен не себепті секіргені анықталып жатыр.
Қалалық полиция департаменті қайғылы оқиғаны «Өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі» деген баппен тіркеді. Енді осы оқиғаға байланысты сараптама жасалады.