Halyq Uni логотип
×

Израиль Газадағы соғысты күн сайын төрт сағатқа тоқтатуға келісті

Аймақтың солтүстігінен оңтүстігіне қарай тағы бір гуманитарлық дәліз ашылады

 Дастан Жұмабекұлы 10.11.2023 | 12:08
Израиль Газадағы соғысты күн сайын төрт сағатқа тоқтатуға келісті
Фото: REUTERS/Mohammed Salem

Израиль Газа секторының солтүстігінде қалған бейбіт тұрғындарды оңтүстік аймаққа көшіріп, гуманитарлық көмек жеткізуге мүмкіндік беру үшін сектордағы соғысты күн сайын төрт сағатқа тоқтатуға келісті. Бұл туралы АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби айтты.

Сондай-ақ Газаның солтүстігінен оңтүстігіне қарай тағы бір гуманитарлық дәліздің ашылатыны хабарланды.

Израиль Газадағы соғысты күн сайын төрт сағатқа тоқтатуға келісті. Хабарландыру алдында халыққа 3 сағат бұрын гуманитарлық көмектің келетіні ескертіледі. Осы үзіліс кезінде бейбіт тұрғындар қауіпті жерден аймақтың оңтүстігіне көшуді ойластырып, жолға шығу керек, – деді ол.

Оның айтуынша, АҚШ президенті Джо Байден Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефонмен сөйлескенде күнделікті гуманитарлық үзіліс жасауды сұраған. Байденнің Нетаньяхуды көндіруіне аса көп уақыт кетпеген. Израиль премьер-министрі Ақ үй басшысының ұсынысына келіссе де телефон құлағын ұстап отырып, біраз ойланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама