Қазір Иваненкомен мүлде байланыс жоқ
Ресейде полиция Қазақстан азаматтығы бар журналисті ұстады.
Properm.ru сайтының тілшісі Владислав Иваненконың Ресейде тұрып келе жатқанына 8 жыл болған. Ұсталмай тұрып, журналист ықтиярхатының күші жойылғаны жөнінде хабарлама алған. Оның өзі соңғы 8 жылдан бері Пермь қаласында тұрып келеді. Соған қарамастан, Пермь облысы полициясының журналистің ықтиярхатын не үшін жарамсыз еткені түсініксіз болып отыр екен.
Properm.ru сайтының тілшісі Владислав Иваненко ұсталып, Закамск қаласындағы шетел азаматтарын уақытша ұстау орталығына жеткізілді. Оны ішкі істер органы қызметкерлері үйінен әкетіп, полицияның Свердлов ауданындағы №7 бөліміне апарған. 8 жылдан бері Иваненконың әкімшілік немесе қылмыстық іске қатысы болмаған. Сондықтан бізге, редакция өкілдеріне полицияның әріптесімізді не үшін ұстап отырғаны түсініксіз, – делінген журналист жұмыс істейтін сайтта.
Қазір Иваненкомен мүлде байланыс жоқ. Ол полиция ұстар алдында сотқа шағымданатынын айтып қалған.