Астанада мейрамханада соққыға жығылған әйел көз жұмды

Халық үні

Күдікті қамауға алынды

фото: Halyq Uni

Астанадағы мейрамханалардың бірінде жанжалдан кейін жарақат алған әйел көз жұмды. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана қалалық полиция департаментіне қаладағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал туындап, салдарынан әйелдің дене жарақатынан қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Полиция мәліметінше, күдікті қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында Есіл аудандық ІІБ мен ЖПБ жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу» 201-бабына сәйкес, аталған қылмыстық іс бойынша басқа мәліметтерді ұсыну мүмкін емес.