Ғимарат ішіндегі қызметкерлер жедел эвакуацияланды
Нұр-Сұлтандағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратына жарылғыш зат бар деген хабар келіп түсті.
Бұл туралы ҚТЖ-ның БАҚ-пен байланыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы хабарлады.
«Қазақстан темір жолының ғимаратына жарылғыш зат қойылған деген жасырын хабар келіп түсті. Ол туралы құзырлы органдарға хабарланды. Сондай-ақ, ғимарат ішіндегі қызметкерлер жедел эвакуацияланды», - дейді Қайсар Жұмабайұлы.
Сонымен қатар ол қосымша ақпарат үшін құзырлы органдарға хабарласу керектігін айтты