Lada көлігінің жүргізушісі жолда автокөлікті жөндеп жатқан адамды қағып кеткен
Павлодар облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, 8 қарашада сағат 21:00-де Астана – Павлодар автожолында Lada көлігінің жүргізушісі өз көлігін жөндеп жатқан КамАЗ көлігінің жүргізушісін қағып кеткен. Осыдан кейін Lada автокөлігі КамАЗ көлігінің артқы жағынан соққан.
Жол оқиғасынан КамАЗ жүргізушісі мен Lada көлігінің жолаушысы жарақат алып, қайтыс болды. Жеңіл автокөліктің кәмелетке толмаған жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.