Астанада такси жалдап, супермаркеттен заттарды ұрлаған азамат ұсталды
Күдікті ұрланған заттарды бейтаныс адамдарға сатып жіберген
Астанада такси жалдап, супермаркеттерден заттарды ұрлаған азамат ұсталды.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Астана қаласы полиция департаментінің полицейлері супермаркеттерден ұрлық жасады деген күдікпен қаланың 21 жастағы тұрғынын ұстаған. Ол такси жалдап, қаланың бірнеше супермаркетін аралап, заттарын ұрлаған.
Тергеу кезінде күдіктінің Нұра ауданында орналасқан дүкенге келіп, такси жүргізушісінен сыртта күте тұруын өтініп, өзі супермаркетке кіріп, заттарды ұрлағаны анықталды. Дүкенде ол сөреден 122 мың теңгеден астам сомадағы тауарды алып, жалдамалы көлікпен кетіп қалған. Ұрланған заттарды бейтаныс адамдарға сатып жіберген.
Қазір осы оқиғаға байланысты күдікті тергеліп жатыр.