Ресей президенті Владимир Путин елімізге ресми сапармен келді (ВИДЕО)
Форумда екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинді Астана әуежайында қарсы алды.
Астанада екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды.
Одан басқа, президенттер Қостанайда болатын Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.