Павлодарда әйел пәтерінен өлі табылды

Халық үні

Құтқарушылар қайтыс болған 63 жастағы әйел адамның отырған күйдегі денесін тапты

Фото: tengrinews.kz

Павлодарлық құтқарушылар ас үйдің терезесі арқылы үйге кіріп, орындықта отырған әйелдің мәйітін тапты, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 қазан күні сағат 16:50-де Катаев көшесі, 50 мекенжайында пәтер иесі есігін ашпай жатқаны туралы хабар түскен.

Құтқарушылар баспалдақ арқылы үшінші қабатқа көтеріліп, терезе арқылы үйге кірген. Әйел адамның туыстары және полиция қызметкерлері де оқиға орнында болған. 

«Құтқарушылар қайтыс болған 63 жастағы әйел адамның отырған күйдегі денесін тапты. Іс полицияға тапсырылды», - деп хабарлады ведомство.

Шақыртуға бір техника мен төрт қызметкер, 102 қызметі шықты.