Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Үкімет басшылары екіжақты өзекті мәселелерді талқылады
Бүгін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті.
Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.
Әңгімелесу барысында Үкімет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперацияны және өңірлік өзара іс-қимылды арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Әлихан Смайылов пен Михаил Мишустин өзара қызығушылық тудыратын негізгі экономикалық салалар бойынша стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын екендіктерін атап өтті.