Halyq Uni логотип
×

Ханкендіде Әзербайжанның әскери шеруі басталды

8 қараша - Жеңіс күні

 Дастан Жұмабекұлы 08.11.2023 | 14:27
Ханкендіде Әзербайжанның әскери шеруі басталды
Фото: report.az

Әзербайжанның Ханкенді қаласында Екінші Қарабақ соғысындағы жеңісінің құрметіне орай әскери шеру басталды. Оған ӘР басшысы Ильхам Әлиев пен оның зайыбы, бірінші вице-президент Мехрибан Әлиева мен олардың ұлы Гейдар Әлиев қатысты.

Бұл парад Әзербайжан Республикасында жыл сайын 8 қарашада өткізіліп келеді. Осы күні 2020 жылы Әзербайжан қарулы күштері Армения әскерінен Таулы Қарабақтың 3 ауданы мен оған айналасындағы 7 ауданды азат еткен болатын. Бұл соғыс 44 күн болған. Оны Әзербайжанда Отан соғысы немесе Екінші Қарабақ соғысы деп атайды. Осы соғыста Әзербайжан Таулы Қарабақтағы 5 қаланы, 4 поселокты, 286 ауыл мен көптеген стратегиялық жерлерді азат етті. Ал биылғы 28 қыркүйекте Таулы Қарабақ толығымен Әзербайжанның құрамына қосылды. Бұған дейін ол жартылай армян сепаратистерінің құрамында болған еді.

Биылғы әскери парадқа Бірінші және Екінші Қарабақ соғысының жауынгерлері мен ардагерлері қатысты. Онда қаланың орталық көшелерінен әскери техника жүріп өтті. Кешке Ханкендінің бас алаңында мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Жақында Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің мемлекет басшысы болып сайланғанына 20 жыл толуына байланысты Таулы Қарабақтың бірнеше қаласында осы елдің мемлекеттік туы көтеріліп, ғимараттарға елтаңбасы қойылды.

Ең әуелі мемлекеттік ту Қарабақтың орталығы – Ханкенді қаласында көтерілді. Президент Ильхам Әлиев қалаға келіп, салтанатты түрде сепаратистердің ордасына айналған қала әкімшілігінің ғимаратында өткен мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты. Одан кейін мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Қарабақтағы жағдайдың 15 қыркүйектен бастап 180 градусқа өзгергенін атап өтті.

Әскери шерулер Әзербайжанның астанасы – Баку мен басқа да қалаларында болып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама