Түркі универсиадасы: Қазақтан 4 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде алды
Бұл жарысқа елімізден 500-ге жуық спортшы қатысып жатыр
Түркістан қаласында өтіп жатқан ІІ Түркі универсиадасында Қазақстан спортшыларының қоржыны 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен толықты.
Атап айтқанда, Еркін күрестен еліміздің құрамасынан Дәулет Ергеш, Санжар Мұхтар, Әкежан Айтбек, Дәулет Әмірханов жеңіс тұғырынан көрініп, алтын медаль иегері атанды.
Санжар Досжанов күміс жүлде иеленсе, Қуандық Шалдар мен Ерсұлтан Ерболатұлы қола медальге ие болды.
Еске сала кетсек, 6 қарашада Түркістанда ІІ Түркі универсиадасы басталды. Оның ашылу салтанаты «Керуен сарай» кешеніндегі Show arena ғимаратында болды.
Түркістан қаласында өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының студент спортшылары арасындағы ІІ Түркі универсиадасына Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Мажарстан, Қырғызстан және
Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Олар шахмат, үстел теннисі, волейбол, дзюдо, футзал, грек-рим күресі, еркін күрес спорт түрлері бойынша жүлделерді сарапқа салады.
Сайыстар OLIMPIC CENTER спорт кешені мен Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде өтіп жатыр. Түркі универсиадасы 10 қарашаға дейін жалғасады.