Halyq Uni логотип
×

Атырауда шенеуніктер бизнеспен айналысқан

Оларға 3,8 млн теңге айыппұл салынды

 Айнұр Асылбекқызы 18.05.2022 | 20:13
Атырауда шенеуніктер бизнеспен айналысқан
фото: zakon.kz

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік қызметпен айналысу дерегі Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мониторингі кезінде анықталды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге белгілі бір шектеулер бар. Соның ішінде кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, коммерциялық ұйымды басқаруға қатыса алмайды. Алайда, соған қарамастан,  мемлекеттік қызметшілер ақылы қызметпен айналысқан. Оларға 3,8 млн теңге айыппұл салынды.

Атап айтқанда, қалалық орта мектептің директоры мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген тұлға бола отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған. Нәтижесінде тапқан табысы 190000 (бір жүз тоқсан мың) теңгені құрайды.

Лауазымды тұлғаға 428 820 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, 190 000 теңге табысы тәркіленді. Жалпы алғанда, жыл басынан бері осындай бұзушылықтар үшін 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама