×

Пойыздар елордадан Алматы мен Шымкентке кешкі уақытта қатынайтын болады

Олар 20 минут аралықпен жүреді

 Динара Амантай 08.11.2023 | 10:05
Фото: "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Биылғы 10 желтоқсаннан бастап пойыздар қозғалысының «пакеттік» кестесі бойынша Тальгоның төрт жолаушы құрамы Астанадан Алматы мен Шымкентке дейін кешкі уақытта жөнелтілетін болады. Олар 20 минут аралықпен жүреді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жолаушылар пойыздарының «пакеттік» кестесі келесі бағыттар мен Астанадан шығу уақыты бойынша іске асырылатын болады:

  • №86/85 Астана (Нұрлы Жол) – Шымкент, сағат 20:00-де;
  • №4/3 Астана (Нұрлы Жол) – Алматы-2, сағат 20:20-да;
  • №72/71 Астана (Нұрлы Жол) - Шымкент, сағат 20:40-та;
  • №10/9 Астана (Астана-1) – Алматы-2, сағат 20:58-де.

Елордалық вокзалдарда бір мезгілде төрт пойыз құрылатынына байланысты, «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға пойызға отырғызу кезінде мұқият болуды ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама