Halyq Uni логотип
×

Министр сиыр еті арзандап жатқанына сенімді

Шаруалар қазақстандықтарды етпен толық қамтамасыз етіп отыр

 Дәурен Ерболат 07.11.2023 | 16:44
Министр сиыр еті арзандап жатқанына сенімді
Фото: pkzsk.info

Қазақстанда сиыр етінің бағасы төмендеп жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде еттің бағасы 3 жыл бойы тұрақты болып тұр.

Етке тоқталайын. Мысалы, сиыр етінің орташа бағасы – 2 485 теңге. Тіпті, баға төмендеп жатыр. Бүгінде оны қайда сататыныңды білмейсің. Сондықтан біз квотаны 60 мың басқа көбейтуді жоспарлап отырмыз. Осылайша, шаруаларға қолдау көрсетеміз, - деді Айдарбек Сапаров Үкіметтің баспасөз орталығында.

Сондай-ақ министр қарапайым шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіліп жатқанына тоқталды.

Біріншіден, оларға субсидия, екіншіден, арзандатылған несие, үшіншіден, квота белгіленген. Ол – 60 мың бас. Қазір мал шаруашылықтары соның өзін игере алмай жатыр. Мысалы, бұрын бір шаруашылыққа бордақылау алаңында 500 бас болса, қазір 4 мың басқа көбейттік, - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ баспасөз мәслихаты барысында Айдарбек Сапаров шаруалар қазақстандықтарды 100% етпен қамтамасыз етіп отырғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама