13 әскери қаза болып, бір офицер жараланды

Динара Амантай

Тәжікстанда лаңкестікке қарсы операция жүргізілді

Фото: Halyq Uni

Тәжікстан Республиканың Ішкі істер министрлігі Рушан ауданында «халықаралық экстремистік және террористік ұйымдардың жетекшілігімен және қаржыландыруымен» ұйымдасқан қылмыстық топтар Ұлттық мемлекеттік комитеттің лаңкестікке қарсы арнайы бөлімшесінің көліктер колоннасына шабуыл жасағанын хабарлады.

Бұл үшін олар қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, сондай-ақ Молотов коктейлін қолданған.

Бір офицер қаза тауып, 13 сарбаз ауыр жараланды.

Тәжікстан Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында 200 адам бар деп отыр. Олар Душанбе-Хорог тас жолы мен шекара комендатурасына баратын жолды жауып тастаған. Қауіпсіздік күштері БАҚ арқылы қылмыскерлерден қаруларын өз еркімен тапсыруды, елдің конституциялық құрылымдарына қарулы қарсылық көрсетуден бас тартуды бірнеше рет сұраған. Бірақ өтініштер ескерілмеді.

Осыған байланысты  құқық қорғау органдары лаңкестікке қарсы операция бастады. Нәтижесінде 8 содыр залалсыздандырылды, 11 жараланды және лаңкестік топтың 70-тен астам белсенді мүшесі ұсталды деп хабарлады, – Тәжікстан ТЖМ баспасөз қызметі.

Бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ.

Қазір аймақтағы жағдай тұрақты.