Киік еті тек Қазақстанда сатылады

Дәурен Ерболат

Оларды ет комбинаттары сатады

фото: Ерлан Омаров

Бүгінде киік етін сыртқа экспорттауға дайын емеспіз. Сондықтан бұл өнім тек Қазақстанда сатылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 

Экспортқа біз дайын емеспіз. (Киіктің етін) экспортқа шығару үшін ет комбинаты экспорттаушылар реестрінде болуға тиіс. Инспекция осында келіп, олар (киіктің етін алатын-алмайтынын) айтуы керек. Әзірше тек (киіктің еті) Қазақстанда сатылады, - деді Айдарбек Сапаров Үкіметтің баспасөз орталығында.

Сондай-ақ министр атылған киіктердің мүйізі мен тұяғы қай органға берілетінін түсіндірді.

«Тұяқ пен мүйізге тоқталайын. Барлық мүйізді «Охотзоопром» мемлекеттік кәсіпорны алады. Мұндай сұрақты сіздер Экология министрлігіне қойыңыздар», - деді ведомство басшысы.

Бұған дейін АШМ киіктердің еті нақты қайда сатылатынын айта алмаған еді.