×

Шетелдік автокөліктерді заңдастыруға екі айдан аз уақыт қалды – ІІМ (ВИДЕО)

Елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген автокөліктер заңдастыруға жатпайды

 Дастан Жұмабекұлы 07.11.2023 | 14:48
Фото: Halyq Uni

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі биылғы 23 қаңтар-30 маусым аралығында елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер қабылдады.

Елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген автокөліктер заңдастыруға жатпайды. Барлығы 237 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды. Бір реттік заңдастыруды ескере отырып, автокөлік иелеріне 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер биыл 31 желтоқсанға дейін ғана қаралады, – деді ІІМ ӘПК басқарма бастығының орынбасары Алтынбек Жамалиев.

Оның айтуынша, бүгінде нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізіліп жатыр. Яғни, шетелдік автокөліктерді заңдастыруға 2 айдан аз уақыт қалды. Министрлік уақыттың шектеулі екенін ескере отырып, автокөлік иелеріне заңдастыру процесін аяқтауды және автокөлікті уақытында тіркеу керектігін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама