Түркістан облысының тұрғынынан 15 келіден астам марихуана тәркіленді
Күдікті қамауға алынды
Полицейлер Түркістан облысының тұрғынынан 15 келіден астам марихуана тәркіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, күдіктінің үйінің ауласы мен сарайын тінту кезінде 2 түп есірткіге ұқсас өсімдік пен 20 литрлік ыдысқа салынған, құрамында есірткісі бар зат тәркіленген. Сондай-ақ 50-ден астам сіріңке қорабы мен 2 пластикалық контейнерге салынған марихуанаға ұқсас есірткі заты табылды.
Сараптамаға сәйкес, есірткі заты жалпы салмағы 15 келіден асатын марихуана болып шықты.
Бұл факті ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.