Жиында сауда-экономика, инвестиция, көлік және коммуникация мен гуманитарлық ынтымақтастық мәселесі талқыланады
8-9 қарашада Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) XVI саммиті өтеді.
Іс-шараға Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан және Түркия президенттері мен Үкімет басшылары қатысады, – деп хабарлады Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.
Саммитке қатысушылар сауда-экономика, инвестиция, көлік және коммуникация мен гуманитарлық ынтымақтастық мәселесін талқылайды.
Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) 1985 жылы құрылған. Оның хатшылығы Иран Ислам Республикасының Тегеран қаласында орналасқан.
Сол кезде ол Үкіметаралық аймақтық ұйым болып құрылды. 1992 жылы ЭЫҰ-ға бұрынғы КСРО құрамында болған Қазақстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан мен Өзбекстан және Ауғанстан қосылды.
Осы 1992 жылы 28 қарашада Қазақстан Пәкістаның астанасы – Исламабад қаласында ұйымның Сыртқы істер министрлері төтенше кеңесінің отырысында толық мүшесі болып сайланды. Бұл күн ресми түрде ЭЫҰ күні болып есептеледі.