Halyq Uni логотип
×

Таразда жасөспірім ойын автоматтарынан ақша ұрлаған

Ол мәжбүрлі түрде қиын жасөспірімдер ұсталатын ерекше режимдегі интернатқа орналастырылды

 Динара Амантай 07.11.2023 | 11:30
Таразда жасөспірім ойын автоматтарынан ақша ұрлаған
Фото: Halyq Uni

Таразда жасөспірім ойын автоматтарынан ақша ұрлаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 16 жастағы оқушы үш ойын автоматындағы монета қабылдағыштарын ашып, 44, 30 және 40 мың теңге ұрлаған. Жалпы залал көлемі 115 мың теңге болды. Сот оны ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша кінәлі деп танып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Жасөспірім мәжбүрлі түрде қиын жасөспірімдер ұсталатын ерекше режимдегі интернатқа орналастырылды.

Бұл жерде күн тәртібі қарапайым мектептегі сияқты. Тек балаларды үнемі бейнебақылау камералары мен интернат қызметкерлері бақылап отырады. Интернатта 11-18 жас аралығындағы балалар ұсталады. Бұл балалар республиканың түкпір-түкпірінен келген. Олардың бас бостандығын шектеу мерзімі – 6 айдан 2 жылға дейін. Негізінен балалар мұнда ұрлық пен тонау сияқты қылмыстар жасағаны үшін келеді. Олармен тәрбие жұмысы үнемі жүргізіліп тұрады және көптеген жасөспірім жасаған істеріне өкінеді, – деп түсіндірді Абай облысы бойынша ҚАЖД Көкпекті аудандық пробация қызметінің бастығы Дамир Айдаров.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама