×

Қарашаның басында 83 мың оқушыға арналған жаңа мектептер ашылды

Жалпы елімізде 370-ке жуық жайлы мектеп салу жоспарланып отыр

 Динара Амантай 07.11.2023 | 09:09
Фото: Halyq Uni

Қарашаның басында өңірлерде 83 мың оқушыға арналған 85 жаңа мектеп ашылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, осы жылдың соңына дейін түрлі қаражат көздері арқылы 132 мың орындық 154 мектепті, оның ішінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 76 мың 738 орындық 62 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептің, 113 елді мекендегі оқушылар орнының тапшылығы мәселелерін шешеді.

Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы да іске асырылып жатыр. Биыл құрылысы басталатын 217 мектеп 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ұлттық жоба бірінші кезекте қалалар мен келешегі бар елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептерді салуға, оқушылар мен педагогтерге жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жалпы елімізде 740 мың оқушыға арналған 369 жайлы мектеп салу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама