7 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

Қазақстан бойынша тұман түседі

Фото: akzent.zp.ua

«Қазгидромет» РМК 7 қараша, сейсенбіге ауа райы болжамын жариялады.

Республиканың басым бөлігінде антициклон ықпалымен күн ашық болады, жауын-шашын жаумайды.

Тек еліміздің батысы мен оңтүстіктің таулы аудандарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Қазақстан бойынша тұман түседі.