Halyq Uni логотип
×

«Бәйтерек» холдингінің басшылығы қысқарды

Премьер жиын өткізді

 Қымбат Елтайқызы 18.05.2022 | 16:45
«Бәйтерек» холдингінің басшылығы қысқарды
коллаж: Halyq Uni

Бүгін премьер-министрдің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Жиын барысында кеңес мүшелері холдинг жарғысына енгізілетін өзгерістерді қарастырып, 2021 жылғы қаржылық есептілікті алдын ала бекітті, дейді «Бәйтерек» ҰБХ.

«Директорлар кеңесінің шешімімен холдинг басқармасының құрамы 7 адамнан 5 адамға оңтайландырылды. Басқарушы директорлар лауазымдарын атқаратын басқарма мүшелерінің 2 бірлігі қысқартылмақшы», – дейді холдинг.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына сәйкес әзірленген және холдингтің комплаенс қызметінің жұмысын жетілдіруді көздейтін 2022 жылға арналған арнайы бағдарлама бекітілді.

Бұдан басқа отырыста 2022 жылдың бірінші тоқсанының холдингтің тәуекелдер жөніндегі есебі әрі ішкі аудит қызметінің есебі, «Бәйтерек» холдингінің 2021 жылы корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерін сақтауы туралы есебі бекітілді.

«Бәйтерек» холдингінде 99 млрд теңгеге жуық қаржы тиімсіз жұмсалған. Әлихан Смайылов «Бәйтерек» АҚ директорлар кеңесінің басшысы болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама