Halyq Uni логотип
×

Астанаға Путин ресми сапармен келеді

Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелері талқыланады

 Динара Амантай 06.11.2023 | 15:00
Астанаға Путин ресми сапармен келеді
Фото: © Sputnik / Алексей Никольский

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қарашада Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама