Ақтөбеде әкімдік қызметкерлері 2,6 млрд теңгені заңсыз шығындамақ болған
Прокуратура мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың өрескел бұзушылықтарын анықтады
Ақтөбе прокурорлары бюджет қаражатын жұмсау саласында талдау жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың өрескел бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметіне сәйкес, Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының жергілікті атқарушы органдары біліктілік талаптарын бұза отырып, 2 млрд теңгеден аса мемлекеттік сатып алуды іске асырған.
Атап айтқанда, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу бойынша жобалау-сметалық құжаттамада көзделмеген жұмыстарға лицензия беру туралы талаптар негізсіз белгіленген.
Басқа жағдайда Ырғыз, Алға және Мәртөк аудандары экономика және қаржы бөлімінің лауазымды адамдары «Автомобиль жолдары туралы» Заңның 14-бабының талаптарын бұза отырып, жалпы сомасы 360 млн теңгеге ведомстволық сараптамадан өтпей, жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізді, – делінген прокуратура хабарламасында.
Сондай-ақ бір көзден 296 млн теңге мөлшерінде шарттарды заңсыз жасасудың 18 фактісі анықталды.
Қабылданған прокурорлық қадағалау шаралармен бұл сатып алулар жойылып, нәтижесінде 2,6 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатының жұмсалуына жол берілмеді.